Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Дәрілік заттарды, профилактикалық, медициналық мақсаттағы бұйымдарды» сатып алуды жүзеге асыру туралы №6 хабарландыру 12.04.2021ж.

1.  Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев 64 көшесі мекенжайында орналасқан Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№15 қалалық емхана" ШЖҚ МКК, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (саны мен бағасы) осы хабарландырудың №1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

3. Жеткізу мерзімі мен шарттары – жеткізуді кестеге сәйкес мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев 64 көшесі.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау-беру актісіне қол қойған және өнім беруші шот-фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

4. Әлеуетті өнім берушілердің конверттерге желімделген баға ұсыныстары мына мекенжай бойынша ұсынылады:: Нұр-Сұлтан қ., Қошқарбаев 64 көш., 3 этаж, каб. 339, сағ. 12.00 мин. 20.04.2021 ж. дейін (жұмыс тәртібі сағ. 09.00 мин. – сағ. 8.00 мин. аралығында, демалыс және сағ. 13.00 мин. – сағ. 14.00 мин. аралығындағы түскі үзілісті қоспағанда) Конверттерді ашу 20 сәуір 2021 ж. сағ. 16.00 мин. уақытында жүргізіледі.

 

5. Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

6. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген талаптарға сәйкес тауарларды беруді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.

7. Әрбір әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

8. Баға ұсынысы конвертке салынып, әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға хабарландырудың 4-тармағында көрсетілген мерзімде және уақытта ұсынады.

9. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында мыналарды көрсетеді:

  • әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы;
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы;
  • қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын тауарлардын атауы.

10. Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсынысы бар Конверт баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналында тіркелмейді және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім оны бекіткен күннен бастап 5 (үш) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады (www.emhana15.kz).

12. Анықтама телефоны: 8 (7172) 26 64 15, эл. мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қосымшаны сақтау...