Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Дәрілік заттарды, профилактикалық, дезинфекциялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды» сатып алуды жүзеге асыру туралы №8 хабарландыру 25.06.2021ж.

1. Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64 мекенжайында орналасқан сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 15 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (саны мен бағасы) осы хабарландырудың №1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

3. Жеткізу мерзімі мен шарттары – жеткізуші жеткізуді жеткізу кестесіне сәйкес мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау-беру актісіне қол қойған және өнім беруші шот-фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

4. Әлеуетті өнім берушілердің конвертке салынған баға ұсыныстары Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаева 64 көшесі , 02.07.2021 ж. дейін, 3-қабат, сағ. 16. 00 мин., 339 каб., мекенжайы бойынша ұсынылады. (жұмыс тәртібі демалыс күндерін және түскі үзілісті қоспағанда, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.). Конверттерді ашу 2021 жылғы 03 шілде  сағат 10.00-де жүргізіледі.

 

5. Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

6. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген талаптарға сәйкес тауарларды беруді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.

7. Әрбір әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

8. Баға ұсынысы конвертке салынып, әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға хабарландырудың 4-тармағында көрсетілген мерзімде және уақытта ұсынады.

9. Баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетеді:

  • әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы;
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы;
  • әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын қатысу үшін тауарларды сатып алу атауы.

10. Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсынысы бар Конверт баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналында тіркелмейді және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім оны бекіткен күннен бастап 5 (үш) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады. (http://www.emhana15.kz).

12. Анықтама телефоны: 8 (7172) 26 64 15, эл. мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қосымшаны сақтау...