Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы №2 хабарлау 17.01.2022ж.

Сатып алуды ұйымдастырушы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 15 Қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, заңды мекенжайы: Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64-үй, №1 қосымшаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

Медициналық бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, сатып алу үшін бөлінген сома) осы хабарландырудың № 1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен шарттары – жеткізуші жеткізуді Тапсырыс берушіден өтінімді алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64 үй.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау - беру актісіне қол қойған және өнім беруші шот – фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Әлеуетті өнім берушілердің конвертке салынған баға ұсыныстары жұмыс күндері ұсынылады. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 қаулысының 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтиды, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтердің сипаттамасы мен көлемі.

Өтінімдерді қабылдау басталатын күн: 18.01.2022 жылдан 25.01.2022 жылға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда; түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін), Нұр-сұлтан қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64 үй, №339 кабинет.

25.01.2022 жылы қабылдаудың соңғы уақыты сағат 18-00-ге дейін. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін 26.01.2022 ж.сағат 10:30-ға тағайындалады.

 

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген сұрау салу талаптарына сәйкес оның тауарды беруді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мынадай құжаттарды қамтитын мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын ұсынады:

1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар кіреді;

2. рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растайтын рұқсат;

3. ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 қаулысының 3, 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі - хабарландыру) сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізбесі (хабарландыруға № 1 қосымша), баға ұсынысының нысаны (хабарландыруға 8-қосымша), үлгілік шарт қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

 Жабық баға ұсынысының конвертінің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

- әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы;

- сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы;

- әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын, сатып алу тауарлардың атауы.

 «_______ (хабарландыруда немесе сұрау салуда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақытын көрсетеді) дейін ашпаңыз».

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген баға ұсынысы бар конверт әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімі күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұйымдастырушының интернет-ресурсында http://www.emhana15.kz бекітілген күннен бастап жарияланады.

Туындаған сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз 8 (7172) 26-64-15.

Қосымшаны сақтау...