СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ

Сүт безінің обыры – Европа, Америка, Азия елдерінің әйел адамдардың арасында ең кең тараған ісік түрі болып табылады. Жыл сайын әлемде бұл аурудың миллионан астам жағдайы тіркеледі, ал орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жас екендігін ескерсек сүт бездерінің обырымен ауру қаупі 12,5% құрайды. Соңғы 2 жылда обырдың осы түрімен аурудың тұрақты тенденциясы байқалады, әсіресе қалалар мен мегаполистерде 1985 жылдан бері әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде 31,2% құрай отырып бірінші орында тұр.

Әрбір нақты жағдайда сүт безінің обырының не себептен пайда болғанын нақтылап айту мүмкін емес. Тек белгілі бір дәрежеде обырға әкелетін ықпалдарды атап айтуға болады. Обыр жасушаларының пайда болуына сүт бездерінің қалыпты жасушаларының мутациясының әсерінен пайда болатыны белгілі. Канцерогендердің әсерінен жасушалардағы генетикалық материал өзгереді. Нәтижесінде қалыпты жасушалар обыр жасушаларына айналады. Жасуша жиі –жиі бөлінген сайын канцерогендердің әсерінен обыр жасушаларына айналу қаупі өсе түседі.

 Сүт безі обырын дамытатын қауіп факторлары:

1.Терінің немесе емізіктің (сосок) бұрын болмаған тартылуы;

  1.  Емізікті басқанда немесе тыныштық жағдайда бөліндінің бөлінуі (жүктілік болмаған жағдайда лактация);
  2. Емізіктен қанды бөліністердің шығуы;
  3.  Сүт бездерінің етеккірге байланыссыз ісінуінің кетпеуі; Сүт безінің қабыршақтануы;
  4. «Лимон қабығы» белгісінің болуы. (жамбастағы целлюлитке ұқсайды);
  5. Сонымен қатар, қатерсіз ісіктер (фиброаденомалар, кисталар, мастопатиялар) малигнизирленуі мүмкін, яғни қатерлі түріне ауысуы мүмкін.

Қатерлі ісіктер айқын тегістелмеген шекарасы болады, құрылымы бойынша қатты, аз қозғалмалы, және әдетте ауырсынбайды.

Сүт безі обырының кезеңдері :

1 сатысы: ісік , сүт безінің ішінде ,көлемі 3 см-ден кем, айналасындағы көрші сау тін мен терісіне тарамаған, метастаз жоқ. 2А сатысы: ісіктің көлемі көлденең қимасы 5 см аспайды,без тіндеріне, айналасындағы май қабатына өтіп, терісімен байланыста ,бөгелме ісік жоқ. 2Б сатысы: ісік көлденең қимасында 5 смден артық, лимфа түйіндері қатысады.ісік жоғарыдай көлемі мен түріндей,бірақ қолтықасты лимфа бездерінің алғашқы деңгейіндегі біреуінғана зақымдаған. 3А сатысы ісік, оның көлемі 5 см-ден -10 см-ге барады. Терісінен таралған немесе терісі ойық жаралы, бұлшық ет пен сіңір қабатына өткен, бірақ аймағында бөгелме ісік жоқ. 3В сатысы: ісік кез келген көлемде , бұғана үстінде немесе төсасты аймағында көптеген бөгелме ісіктер бар.мөлшері үлкен, метастаз теріге, кеуде қабырғасына және сүт безінің ішінде орналасқан лимфа түйіндеріне таралған. 3С сатысы: ісік мөлшері үлкен, көптеген лимфа түйіндеріне таралған. 4 сатысы:сүт безінің мөлшері өте үлкен, метастаз кеудеден алыс орналасқан мүшелерге (сүйектерг, өкпеге, бауырға, миға, және алыс орналасқан лимфа түйіндеріне) таралады.

Сүт безі обырының көріністері:

Сүт безі обырының ерте кезеңдеріндегі негізгі белгісі сүт безінде жаңа түзілістің пайда болуы. Бұл түзілісті әйел өзі анықтауы мүмкін немесе маммография, УДЗ және басқа зерттеу әдістері арқылы анықталуы мүмкін. Тиісті ем жүргізілмеген жағдайда ісіктің мөлшері ұлғайып, тері немесе кеуде қабырғасынан шығып кетуі мүмкін , лимфа тамырлары арқылы обыр жасушалары жақын жатқан лимфа түйіндеріне таралады. Қан арқылы обыр жасушалары бүкіл организмге таралып, жаңа түзілістерге бастама береді. Сүт безінің обыры көбінесе өкпеге, бауырға, сүйектерге, бас миына метастазданады. Бұл мүшелердің зақымдалуы, және ісіктің ыдырауы өлімге әкеледі.

Сүт безі обырының даму қаупін қалай азайтуға болады:

  1. Салауатты өмір салтын ұстану,спортпен айналысу
  2. Дене салмағын бақылап отыру
  3. Темекі шекпеу ,темекі шегу обырға себепкер болады
  4. Баласын туғаннан кейін 1 жыл бойы және одан аса емшекпен емізу
  5. Әртүрлі ,көкөністер мен жеміс- жидектер көп тағамдарды пайдалану ,майлы және қақталған өнімдерді пайдаланбау
  6. Алкогольді шамадан тыс тұтынбау
  7. Таза ауада жиі жүру және табиғат аясында демалып тұру
  8. Ашық күн астында және солярийде ұзақ уақыт болмау
  9. Тұрмыста және өдірісте жарақаттап алудан сақтану

Емшек безі обырын ерте анықтау бағдарламасы Қазақстанда 2008 жылдан бастап енгізілген.  Скрининг –обыр  ауруын ерте анықтауға бағытталған ісшаралар кешені.
Қазақстанда бұл топқа 50-ден 60-қа дейінгі әйелдер енген, әр әйел үшін интервалмен 2 жылда 1 рет.  Бүгінгі күнде бүкіл әлемде маммография  скринингтің негізгі құрастырушысы болып табылады.

«Ниет» ОДО СӨС дәрігері

Ташимова К.Қ.