Мемлекеттік медициналық қызметтер тізімі
1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу.;
2. Дәрігердің қабылдауына жазылу;
3. Үйге дәрігер шақыру;
4. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
5. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру;
6. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру;
7. Трансплантация мақсатында мүшелерге (мүше бөліктеріне) және (немесе) тіндерге (тін бөліктеріне) қайтыс болғаннан кейін донор болуға өмірлік келісімді немесе бас тартуды тіркеу;
8. Пациенттерді стационарлық емдеуге жолдама беру;
9. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама;
10. Міндетті алдын ала медициналық тексерулерден өту;
11. Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждық туралы қорытынды беру;
12. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
13. Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелде емдеудің орындылығын немесе отандық медициналық ұйымдарда емдеу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығын қарау және құжаттарды қабылдау (ТМККК аясында).