Тарихы

1999 жылы «Промышленный» кентінде «Ниет» отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылған болатын. Кенті тұрғынының саны 21000 адам, ғимараттың ауданы 169 шаршы метрді құрады.

Астана қаласы әкімдігің 2010 жылы 1 наурызындағы №18-166П  Қаулысына сәйкес «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ  «Ниет» орталығы Астана қаласы «Денсаулық сақтау басқармасын» ММ «№6 қалалық емхана» МККК қосылды.

2013 жылдың 20 желтоқсанындағы №2 қалалық балалар емханасы базасында  ауысымында 150 келушілер отбасылық  денсаулық орталығы ашылды.

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылдың 2 қазанындағы №106-1631 «Кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындарын қайта құру туралы» Қаулысына сәйкес  «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі №6 қалалық емхананың «Ниет» орталық тәжірибелі дәрігер бөлімшесінен Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорын қайта құрылды.

Қазіргі таңда  Астана қаласы  әкімдігінің «Ниет» отбасылық  денсаулық орталығы ШЖҚ МКК –жоғары білікті кадрлармен және  персоналдарға жұмыс істеуге керемет жағдай жасалынған және ересек және балалы тұрғындарға алғашқы медицина-санитарлық  көмек көрсететін тәуелсіз  медициналық мекеме.

Дәрігерлердің қабылдау кабинеттерінде  орталықта 7 аймақта тұрғындарға қызмет көрсетіледі, дені  сау бала кабинеті ұйымдастырылған, 2 егу кабинеті, скрининг және жедел жәрдем кабинеті, СӨС кабинетінің,  фильтр кабинеті, зертхана ашылуы жоспарлануда.

Ересек  емделушілер - №1 қалалық ауруханада,  ал балалар – №2 қалалық балалар емханасында «Ниет» отбасылық денсаулық орталығына бекітілген тұрғындар анализдер тапсыра және мамандардан кеңес ала алады.

Стационар базасында медициналық орталық қызметкерлерінің кәсіби  дәрежелерін көтеретін, жүйелі түрде мастер класстар өткізіліп отырады.

Орталықта ересектерге арналған, сонымен қатар балаларды қабылдауында ортақ тәжірибелі дәрігерлер, педиаторлар, терапевтер, акушер-гинеколог қызмет көрсетеді.

Дәрігерлер 3 ауысымда жұмыс күндері сағат 8.00 ден 20.00 ге дейін және сенбі  күні сағат 9.00 ден 16.00 ге дейін жұмыс  істейтіндігін атап ктеу керек.

«Ниет» отбасылық денсаулық орталығы емделушілерді  қанағаттандырушылығын  көтереді және  қала тұрғындарына  алғашқы  дәрігерлік- санитарлық көмек көрсетудің сапасын жақсартады.