Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс жөніндегі ЖАДНАМА

Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы  тұлғаларға пара беру;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

Бұны білу маңызды!

* Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды.

* Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.

* Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.

* Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Медицинадағы параның ең көп таралған түрлері:

* еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және әртүрлі анықтамаларды алғаны үшін: денсаулық жағдайы, белгілі бір жұмыстарды орындауға рұқсат беру, белгілі бір спорт түрімен айналысуға рұқсат беру, дене шынықтырудан босату туралы.

* қандай да бір медициналық фактілерді (көбінесе ұрып - соғу және басқа дене жарақаттарын) растау немесе жасыру үшін

* "қажетті" рецепті жазып беру үшін.

* өлімнің нақты себебін бұрмалағаны үшін.

* еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзартқаны үшін.

Сыбайлас жемқорлық туралы білсеңіз – қоңырау шалыңыз!

Мемлекеттік мекеме

Сенім телефоны

Денсаулық сақтау басқармасы

55-69-85

Экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті

144

Алматы ауданы әкімінің аппараты

36-38-90

Қабылдау бөлімі

280477

Директор  Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

280478

Сарапшы дәрігер Шаграева Бакит Мурзиевна

266413

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!