Өзін-өзі өлтірудің алдын-алу нұсқаулығы

Суицид – өзін өмірден әдейі, қасақана айыру, егер мәселелер бірнеше айдың ішінде өзекті және шешілмеген болса, сондай-ақ, адам айналасындағы адамдардың ешқайсысымен өзінің уайым-қайғыларымен бөліспейтін болса орын алуы мүмкін.

Сақ болыңыз! Өзін-өзі өлтіруге бел байлаған адамдар өздерінің ойлары туралы ешкімге айтпайды деген пайымдау қате.

Көптеген адамдар осы немесе басқа жолмен айналасындағыларға ескертеді.

Ресми деректер бойынша, жыл сайын өзін-өзі өлтіру арқылы 1 100 000 адам өмірменқош айтысады, олардың ішінде: 350 мың қытайлықтар, 110 мың үндістер, 55 мың орыстар, 31 мың америкалықтар, 30 мың жапондар, 12 мың украиндер, 10 мың француздар... Өзін-өзі өлтірушілердің ресми статистикасына өзін-өзі өлтірудің тек анық жағдайлары кіреді, сондықтан да өзін-өзі өлтірудің нақты саны ресми көрсеткіштерден асып түседі, жыл сайын әлемде 4 000 000-нан астам адам өзін-өзі өлтіреді деп есептеледі. Жыл сайын 19 000 000 адам өзін-өзі өлтіруді сәтсіз аяқтайды. Өзін-өзі өлтірудің аяқталған саны орташа есеппен алғанда еркектер арасында әйелдерге қарағанда 4 есе көп. Бір жағынан, әйелдер өздеріне еркектерге қарағанда 4 есе жиі қол жұмсайды, бірақ, өлімге сирек әкелетін, «өздерін аяйтын» тәсілдерді таңдайды.

 

Адамдардағы өзін-өзі өлтіру мінез-құлығының негізгі себептері:

Егер адам өзін-өзі өлтіруге шындап кіріссе, онда оны 3 топқа бөлуге болатын өзгеше белгілер қатары бойынша оңай білуге болады: ауызша, мінез-құлықтық және жағдаяттық.

Ауызша белгілер

Өзін-өзі өлтіруге бел байлаған адам өзінің жан-дүниесінің жағдайы туралы көп айтады:

Мінез-құлықтық белгілер

Адам:

  1. өзі үшін үлкен маңыздылыққа ие заттарды басқаларға таратуы, шаруаларын біржолата ретке келтіруі, ескі жауларымен татуласуы;
  2. мінез-құлқында келесідей түбегейлі өзгерістерді көрсетуі:

Жағдаяттық белгілер

Адам өзін-өзі өлтіруді шешуі мүмкін, егер:

Адам өзін-өзі өлтіру жайында ашық айта беруі мүмкін, онсыз бұл өмірдің жақсырақ болатындығы, өмірдің мәнсіздігі туралы әңгімелеуі мүмкін. «Бәрі жалықтырды», «Барлығын және өзім де жек көремін», «Барлығына да нүкте қою керек», «Бұның бәрі қашан аяқталады екен», «Бұлай өмір сүру мүмкін емес» сияқты сөздері мен «Мен өлсем, сен не істеуші едің?» сұрағы, жерлеу туралы ойлары елеңдетуі керек. Барлық қарыздарын қайтару талпынысы, жауларымен татуласу, өз заттарын енді керегі жоқ дей отырып тарату дабыл белгілері болып саналады.

Жоғарыда аталып өткендерден бөлек, адамның өзін-өзі өлтіруге дайындығын көрсететін бірнеше белгілер ерекшеленеді, солардың ішінде 1-2 көрінсе, ерекше назар аудару қажет:

Не істеу керек? Қалай көмектесу керек?

Егер сіз адамнан өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділік көрсеңіз, онымен жан дүниеңізбен сөйлесуге тырысыңыз. Егер адам өзі қозғамаса, өзіне-өзі қол жұмсаушылық туралы аяқасты одан сұрай көрмеңіз. Оны не алаңдататындығын, ол өзін жалғыз, бақытсыз, тығырыққа тірелген, ешкімге қажетсіз немесе қарыздар болып сезінбей ме екендігін, достары кім екендігін және оны не қызықтыратындығын анықтауға тырысыңыз. Бұндай орын алған жағдайдан шығудың жолын табуға болады, бірақ, көбінесе балаға бәрін айтып, жинақталған қысымды шығарып тастаған жеткілікті және оның өзін-өзі өлтіруге дайындығы төмендейді. Әрқашанда бала жасағалы жатқан әрекеттің «Себебі қандай» және «Мақсаты қандай» екендігін анықтау керек. Психолог мамандардың көмегіне жүгінуге қорықпаңыз.

Психологқа жүгіну есепке тұрғызу және психикалық олқылық белгісі дегенді білдірмейді.

Өз өмірлеріне қол сұғатын адамдардың көбі – қиын жағдайға тап болған психикалық сау адамдар, тұлғалар, шығармашылық дарындылар. Адамды жалғыздықтан тек қана махаббатпен қорғауға болады!

Егер сіз еститін болсаңыз

Міндетті түрде айтыңыз

Айтуға тыйым салынған

«Барлығын жек көремін…»

«Бірдеңе болып жатқанын сеземін. Осы жайында сөйлесейікші»

«Мен сенің жасыңда болған кезде...ой, сен бос сөз сөйлейсің!»

«Барлық үмітсіздік мәнсіз»

«Сенің жабырқап жүргеніңді сеземін. Кейде біз барлығымыз да өзімізді осылай сезінеміз. Бізде қандай мәселелер екендігін және оны қалай шешуге болатындығын бірге талқылайық»

«Сенен де бетер жағдайы жамандар жайында ойлан»

«Барлығына менсіз жақсырақ болар еді!»

«Сен мен үшін, біз үшін көп нәрсені білдіресің. Мені сенің көңіл-күйің алаңдатады. Сол жайында сөйлесейік»

«Ақымақтық айтпа. Басқа жөнінде сөйлесейік»

«Сендер мені түсінбейсіңдер!»

«Сен не сезетіндігіңді айтып берші. Мен сені шынымен де түсінгім келеді»

«Сені түсінуге маған қайда!»

«Мен жаман іс жасадым»

«Мен сенің өзіңді кінәні сезетіндігіңді сеземін. Осы жайында сөйлесейік»

«Сен енді не қалайсың? Тез арада айт!»

«Менде ешқашан ештеңе болмайды»

«Сен қазір күштің жетіспеуін сезінудесің. Осыны қалай өзгертуге болатындығын талқылайық»

«Қолыңнан келмей ма-яғни сен тырыспағансың!»

Егер адамның өзін-өзі өлтіруге бейімділігі байқалған болса, келесідей кеңестер жағдайды өзгертуге көмектеседі:

  1. Адамды мұқият тыңдаңыз. Жан дүниенің күйзелісі кезінде біздің кез-келгенімізге ең алдымен, бізді тыңдауға дайын біреу қажет. Сөздің ар жағында жасырын жатқан мәселені түсіну үшін барлық күшіңізді салыңыз.
  2. Адамның сезімі мен мақсатының қауіптілігін бағалаңыз. Егер бұлдыр және белгісіз жоспарларына қарағанда, ол өзін-өзі өлтірудің айқын жоспарын жасаса, жағдай әлдеқайда ушыққан болады.
  3. Эмоционалдық дағдарысының тереңдігін бағалаңыз. Адам ауыр қиыншылықтарды басынан өткеріп жатуы мүмкін, бірақ өзін-өзі өлтіру жайында ойламауы мүмкін. Күйзеліс жағдайын таяуда басынан өткерген адам қарқынды, үздіксіз қызметті аяқасты бастайды. Бұндай тәртіп қауіп тудырудың негізі болуы мүмкін.
  4. Барлығына, тіпті ең кішкентай реніштер мен шағымдарға мұқият қараңыз. Жоғарыда айтылғандардың ешқасысымен ойнамаңыз. Ол өз қиыншылықтарын жасырып, сезімдеріне ерік бермеуі мүмкін, бірақ сол уақытта терең күйзелісте жүруі мүмкін.
  5. Оның өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойы жоқ па екенін ақырын сұрауға тырысыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, бұндай сұрақ зиянды сирек әкеледі. Көбінесе адам өз мәселелерін ашық айту мүмкіншілігіне қуанышты болады. Адам өзін-өзі өлтіру туралы әңгімеден кейін жеңілдікті сезінуі мүмкін, бірақ кейін қайтадан сол ойларына оралуы мүмкін. Сондықтан да, оны сәтті әңгімелесуден кейін де жалғыз қалдырмау маңызды.
  6. Оны қолдаңыз және табанды болыңыз. Жан дүниенің күйзелісіндегі адамға қатаң және жағымды жөн сілтеулер қажет.
  7. Сіздің көмегіңізді қабылдау арқылы дұрыс қадам жасағандығына көз жеткізіңіз. Оның тағдырынан хабардарлық, қызығушылық және көмектесуге дайындықты сезіну оған эмоционалдық сүйеніш болады.
  8. Көмек сұрауға алатын достар, отбасы, дәрігерлер сияқты көмек көрсетудің басқадай да мүмкін көздерін назарға алған дұрыс.

Келесідей ережелерді сақтаған маңызды:

  1. сіз көмек көрсете алатындай жағдайда екендігіңізге сенімді болыңыз;
  2. шыдамды болыңыз;
  3. адамға «бар да, осылай жзаса» деп қорқытуға немесе састыруға тырыспаңыз;
  4. «сен өзіңді осылай сезінесің, себебі...» деп оның мінез-құлықтық дәлелдерін сараптамаңыз;
  5. «сен өзіңді өлтіре алмайсың, себебі ...» деп дауласпаңыз және адамды жөнге саламын деп тырыспаңыз;
  6. сізге байланыстының бәрін жасаңыз;
  7. және мамандарға көмекке жүгініңіз!

Құрметті сайт қонақтары!

Айналаңыздағы адамдарға мұқият болыңыздар!

Өзіңізде немесе жақын адамдарыңыздыңда мәселелер туындаған жағдайда орталығымыздың психологына жүгініңіз!

Хабарласыңыз! Жазыңыз! Келіңіз!

Сенім телефоны 28-04-77, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , www.niet-astana.kz сайты.

Р. Қошқарбаев көшесі, 64 үй. «А» блогы, Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК.

 

Біз сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз!

Астана қаласының психикалық денсаулық мәселелерінің медициналық орталығында 54-76-03 сенім телефоны бойынша психологиялық кеңес беру үшін дағдарыстық бөлім жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалалық емханалар базасында орналасқан денсаулық сақтаудың 10 жастар орталығында аты-жөнін көрсетпеу арқылы жұмыс істейтін сенім телефондары бар.

Психолог мамандар, психиатр дәрігерлер өзін-өзі өлтіруге бел байлаған, есеңгіреу жағдайлары кезінде бейімделудің бұзылулары бар тұлғаларға жедел көмек көрсетеді.

МҰНДА!!! Денсаулық сақтау басқармасының сайтына («қаланың емханалары мен денсаулық сақтаудың жастар орталығы» айдары) сілтеме бар.