Вакцинация бүгін коронавирустық инфекциямен күресудің ең тиімді құралы болып табылады

Жүргізілген ғылыми зерттеулер елдегі эпидемиологиялық жағдайды толық бақылау вакцинация арқылы халықты иммундау деңгейі жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болады деген қорытындыға әкелді. 

COVID-19 вакцинациясын жасатудың 6 себебі:

1. COVID-19 вакцинациясы туралы сертификаттың болуы жолдамаларды рәсімдеу, саяхатты жоспарлау және т. б. кезінде COVID-19 үшін қосымша сынақтардан өтпеуге мүмкіндік береді.

 

2. Стационарларға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу мүмкіндігі мен қауіпсіздігі.

3. Өз иммунитетін қалыптастыру және COVID-19 ағымының ауыр түрі мен одан өлімнің алдын алу.

4. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және әдеттегі өмір салтына оралу (қарым-қатынас, саяхат).

5. Иммунитеті жоқ отандастар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру (вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар адамдар үшін).

6. Жеке және әлеуметтік мазасыздық деңгейінің төмендеуі - соның арқасында жүрек-тамыр аурулары мен психикалық бұзылулар қаупінің төмендеуі.

Біздің емханаға вакцинациялауға тіркелудің ең ыңғайлы тәсілі емхананың call-орталығының +77785583053 телефоны бойынша жазылу. 

Біздің мекен-жайымыз Қошқарбаева 64, 1 қабат, 130 кабинет.

Тіркеу орнының телефоны: 26 64 14.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!