1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

Бүгін, 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге ерекше қажеттіліктері бар 35 бала және көп балалы отбасылардан шыққан балалар шақырылды. Балаларға ойын-сауық ойындары, асфальтқа сурет салу, би билеу, аниматорлармен шоу ұйымдастырылды. Қонақтарымызға СӨС дәрігерінің салған аквагримы өте ұнады.

Іс-шара 15 Қалалық емхана кәсіподақ комитетінің қайырымдылық акциясы аясында өткізілді. Іс-шараға "Промышленный" тұрғын алабынан барлығы 50-ден астам адам қатысты.