Ашық есік күні!

Бүгін №15 қалалық емханада Халықаралық қарттар күніне орай біздің емделушілерге құрмет көрсетілді. Қарттар күні қарсаңында емхананың мамандары "Промышленный" тұрғын үй алабының әкімдігімен бірлесіп, емделушілерімізді мерекелік түскі асқа шақырды. Демеуші cол алаптағы кафе иесі болды.

Мерекелік іс-шарада біздің мамандарымыз қонақтарға арнап ән айтып, барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.

Сондай-ақ, 2 қазан күні емхана қабырғасында Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Ашық есік күні өтті. Біздің 13 емделушімізге медициналық көмек үйлерінде (сонымен қатар оларға шағын сыйлықтар берілді) және  №15 емхананың өзінде көрсетілді. Барлық емделушілерге  қажеттілігіне қарай УДС-тексерулер, ЭКГ және басқа да диагностикалық қызметтер тағайындалды.