Халықаралық балаларды қорғау күнін

Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай біздің емханада іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға түрлі-түсті қарындаштар берілді. Ең жақсы суреттер үшін олар сыйлықтармен марапатталды. Ән шырқалып, балалар би биледі. Әндерді орындағаны үшін біздің кішкентай пациенттеріміз де ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ата-аналар осындай мереке үшін жоғары білікті медбике, УПМ бойынша үйлестіруші Ксения Анатольевна Умирзакова мен жоғары білікті, баланы дамыту кабинетінің жоғары санатты медбикесі Жанылдық Кадешевна Жүсіпбековаға алғыстарын білдірді.