1 маусымға арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін «Промышленный» тұрғын үй массивінің алаңында 1 маусымға арналған мерекелік іс-шара өтті. «Промышленный» тұрғын алабында №57 мектеп оқушылары өнер көрсетті. Балаларды аниматорлар қарсы алды. Мерекеге толық емес отбасылардан шыққан балалар – №15 емхананың емделушілері шақырылды.

Олар үшін аквагримерлер жұмыс істеді, балалар үшін асфальтта суреттер ұйымдастырылды, байқауға қатысқаны үшін мерекенің кішкентай қатысушылары сыйлықтар алды. Барлық балалар "Промышленный" ЖМ әкімдігі ұйымдастырған демеушілердің балмұздақынан дәм татты.