Қазақстанда 11 екпе міндетті

 

Ауруды кейін емдеуге қарағанда, алдын ала ескерту жеңілірек. Әсіресе, ауыр инфекцияларға қатысты гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және тағы басқа да аурулар. Осы аурулардың алдын алу мақсатында елімізде екпе жүргізіледі.

Барлық міндетті екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады.

Барлық міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе тіркелген жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Осылайша, тіркелген емханадағы балаларға міндетті профилактикалық екпелер тегін салынады. Олардың тізімі ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Екпені тек медициналық мекемелерде жасау ұсынылады, өйткені барлық екпелер арнайы сақтау жағдайларын қажет етеді. Екпені кешіктіріп алу балаға ауруды «жұқтырып алу» қаупіне ұшыратады.

ҚР жоспарлы екпелері: