Профессор Бақыт Көшерованың дәрісі

Бүгін №15 емханада медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс инфекционист Бақыт Көшерова «Клиника, диагностика мәселелері бойынша тұмау/ЖРВИ, Covid 19 кезінде ересектер мен жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ емдеу барысы бойынша шолу жасалды.

Мұндай дәрістер медицина қызметкерлері үшін өте маңызды, өйткені адамның өмірі дәрігер маманының жұмысына тікелей байланысты болатын мамандықтардың бірі болып келеді.

Сондықтан дәрігерлер өмір бойы ізденісте болып, ылғи білімін толықтырып отыруы қажет.