Дүниежүзілік бүйрек күні

Бүгін, 9 наурызда біз Дүниежүзілік бүйрек күнін атап өтеміз #worldkidneyday Бүйрек күні жыл сайын наурыздың екінші бейсенбісінде, 2006 жылдан бастап өткізіледі, бұл күннің мақсаты - бүйректің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттық-түсіндіру науқаны. 2012 жылдан бастап Қазақстанда тірі және қайтыс болғаннан кейінгі донордан 1722 бүйрек трансплантациясы жасалды. Қазіргі уақытта күту парағында 3747 адам тұр, оның ішінде 3336 ересек адам және 62 бала бүйректі ауыстырып салуға мұқтаж.

Бүгін Сіз жақындарыңызбен ағзалардың донорлығы туралы сөйлесуге уақыт бөле аласыз және egov.kz порталы арқылы транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар мен тіндердің донорлығына келісіміңізді немесе бас тартуыңызды онлайн тіркей аласыз.