Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өтті

25.08.23ж. жоспар бойынша белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде Альцгеймер ауруы, пайда болу себептері, белгілері, алдын алу және емдеу тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Дәріскер №15 ҚЕ невропатологы Батес Латифовна болды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға медбике Абденбаева А.К. қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекен-жайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне Алимова С.Б., каб. 301 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), тел. 87073216414 хабарласыңыз.