Жоғары сынып оқушыларына дәріс өтті

№83 мектеп-гимназиясында және №13 орта мектебінде №15 Қалалық емхананың "Ниет" Жастар денсаулық орталығының мамандары жоғары сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбие және ерте жүктіліктің алдын алу" және "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыптар бойынша дәріс өткізді, 500-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдердің салауатты өмір салты туралы хабардарлығын арттыру.

Естеріңізге сала кетейік, 10-29 жас аралығындағы жастар жалпы практика дәрігерінен, психологтан, әлеуметтік қызметкерден, акушер-гинекологтан, заңгерден тегін кеңес ала алады, сондай-ақ №15 Қалалық емхана "Ниет" Жастар денсаулық орталығында АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алады. Кеңес алу үшін Телефон: 87172769784.