Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні

"2021 - 2025 жылдарға арналған "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық - әдістемелік басшылығымен республика өңірлерінде 12-21 қарашадан бастап Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні атап өтіледі.

Темекі эпидемиясы әлемде бұрын - соңды болмаған халықтың денсаулығына ең үлкен қауіптердің бірі болып табылады. Жыл сайын одан 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Осы өлім-жітімнің 7 миллионнан астамы темекіні тікелей тұтынуға және 1,3 миллионға жуығы екінші реттік темекі түтінінің әсерінен байланысты.

 

Темекі шегу созылмалы жұқпалы емес аурулардың және онымен байланысты асқынулардың пайда болуының мен дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады, бұл еңбекке жарамсыздыққа, ерте мүгедектікке, өлімге әкеледі және халықтың көп бөлігін қамтиды. Ересектер арасында темекі өнімдерін қолдану бірқатар созылмалы аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың, тыныс алу және жүрек - қан тамырлары ауруларының негізгі қауіп факторы болып табылады. Пассивті темекі шегудің денсаулыққа көптеген жағымсыз әсерлері бар, соның ішінде өлім.

Есте сақтау керек, никотинге зиянды тәуелділік жүрек пен қан айналымына зиян келтіреді, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, перифериялық қан тамырлары аурулары (зақымдалған қан тамырлары) және цереброваскулярлық аурулар (миды қанмен қамтамасыз ететін зақымдалған артериялар) қаупін арттырады. Түтін мен никотиннен алынған көміртегі тотығы жүрекке жүктемені және қан ұйығыштарының пайда болу қаупін арттырады.