Репродуктивті денсаулық апталығы аясында

Репродуктивті денсаулық апталығы аясында №15 Қалалық емхананың қызметкерлері №57 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - жастардың репродуктивті және жалпы денсаулық туралы білім деңгейін арттыру, медициналық көмекке жүгінуге байланысты стереотиптер мен стигмаларды жою және репродуктивті саладағы ерлер жауапкершілігінің маңыздылығын атап өту.