“Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

№86 Мектеп-гимназиясында “Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Дәрісті №15 Қалалық емхананың қызметкерлері гинеколог Хайрулла А.Б., педиатр Аканова Т.Е. және психолог Бажекенова Н.С. өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:
- Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу;
- Жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
- Жыныстық өмірдің ерте басталуына оң көзқарасты төмендету;
- Саналы таңдау дағдыларын дамыту.