Құрметті қала тұрғындары! Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-ға 2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап азаматтарды медициналық ұйымға тіркеу науқаны басталады.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің  2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 «Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» ережелеріне сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК  2018 жылғы 15 қыркүйектен бастап  азаматтарды медициналық ұйымға  тіркеу басталатыны жайлы хабарлайды.

Астана қаласы әкімдігінің «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК азаматтарды тіркеу  олардың тікелей немесе жазбаша жүгінуі бойынша сонымен қатар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке куәлігі болған кезде жүзеге асырылады.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту, бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде оның заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.