ҚЫЗЫЛША

ҚЫЗЫЛША – кең таралған жіті инфекциялық ауру,  дене қызуының  көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.

Аурудың себептері: Қызылша вируспен өрбиді, ол дезинфекциялау құралдары әсерінен ультракүлгін сәулесін қыздырғанда тез өледі.

Инфекция көзі-тек қана науқас  адам,  ол жасырын кезеңнің соңғы екі күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 5 күнге дейін  қоршаған адамдар үшін қауіпті.

Берілу жолы - ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі.

Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда  өмір бойы ауруға шалдығу қаупі кез-келген жаста болады. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% - ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Соңғы жылдары көбінесе жас адамдар көбірек ауруда,  бұл бала кезінде жасалған екпеге иммунитет төмендеуіне байланысты.

Аурудың даму процесі. Аурудың өрбу кезінде анықтау қиындық туғызбайды. Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы, тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды. Кейін теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді
Қызылша ауру кезеңінде жалпы иммунитеттің төмендеуіне әкеп соғады, созылмалы ауруы бар науқастарда ауыр асқынулар (гайморит, тонзиллит, отит және т.б.).жиі дамиды.

Қызылшамен ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады.

Белгілері. Инкубациялық кезең – жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері байқалғанша, 9-дан 11 күнге дейін. Есте сақтау керек: ауру бөртпе пайда болып басталмайды,  суық тию белгілері сияқты басталады-дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу. Соңынан коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады Ауру уақыт өткен сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек. Бөртпе пайда болып, 2-3 күннен кейін дақтар өршіп тұрған кезде дене қызуы тағы да көтеріліп, 40 о С  градусқа жетуі мүмкін. Бөртпе 4-7 күн тұрады. Олар жоғалған соң, орнында қоңырлау дақтар қалады.

Асқынулар. Кең таралған түбі-құлақ ортасының қабынуы (отит), бронхопневмония, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Өкінішке орай, асқынулар болып тұрады, сондықтан да ауруды қатаң медициналық бақылау керек, учаскелік дәрігер пациентті күніне бірнеше рет қарау керек. Қызылшаға деген секем туа сала, дереу дәрігерге қаралу қажет. Бұл тек қана диагноз қою мен емдеу үшін ғана емес, ауырған адамның ұжымында, айналасында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу үшін өте маңызды.
Ауруды анықтау. Қызылша диагнозытамырдан қан алып зерттеу нәтижелелерімен қойылады.

Емдеу. Қызылшаның жеңіл және орташа ауыр формасымен ауыратын науқастар учаскелік дәрігердің бақылауында үйде емделеді, ешкімге жұқпау үшін, жұғу кезеңінде төсекте жатады. Қызылшаның ауыр және асқынған формасымен ауырған науқастар ауруханаға жолданады. Науқасты оқшаулау бөртпе пайда болғаннан кейінгі 5 күннен кейін тоқтатылады.

Аурудың алдын алу. Қызылшаның алдын алуда тиімді  де сенімді шаралардың бірі- егілу. Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады.  Жұқтырған адамдар болса дереу оқшаулайды. Қызылшамен ауырғандармен қарым-қатынаста болған егілмеген және қызылшамен ауырмаған балалар, балалар ұжымына 17 күн ішінде жіберілмейді.