МӘМС бойынша шағымдарды енді Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы жолдауға болады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен кері байланыстың бірнеше түрін ұсынады. МӘМС жүйесі іске қосылғаннан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне 40 мыңнан астам қоңырау түсті. Енді пациенттер жаңа «Qoldau-24/7» мобильді қосымшаның көмегімен шағым қалдыра алады.

Тұрғындардан түскен барлық шағымдар тіркеуге алынып, әрі қарай өңделіп, жолданымдар тізіміне енгізіледі. Қажет болған жағдайда, жолданымдар белгіленген мерзімде талдаудан өтіп, шешім қабылдану үшін сарапшы мамандарға жіберіледі.

Сонымен қатар пациенттер Қордың әр аймақтық филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау бөлмелеріне жүгіне алады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйелі түрде тұрғындардан келіп түскен жолданымдарды мұқият қадағалап, апта сайын ең маңызды сұрақтар жинағы сараптамадан өтіп, олар бойынша жүйелік шешімдер қабылдайды.