Қош келдіңіздер

«Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сіздерді Астана қаласының медициналық мекемесі - "№15 қалалық емхана" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі! Жоғары білікті мамандар денсаулығыңызды жақсарту үшін, оны нығайтуға әрқашан дайын!
image

Бас дәрігердің блогы

Өту

Директор

Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

image

ТМККК

Өту

ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

image

МӘМС

Өту

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

image

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы

image Сілтемеден өту

Дәрігерлердің жұмыс істеу уақыты

image Сілтемеден өту

Қызмет көрсету аумағы

image Сілтемеден өту

Профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық қорғау бөлімшесі

image Сілтемеден өту

Рубрика - Бұл қызықты!

 

Елордада бір күнде төрт бала терезеден құлап кетті

Елордада бір күнде төрт бала терезеден құлап кетті, олардың екеуі – қаза тапты. Өткен тәулікте 103 пультіне «бала құлады» деген себеппен төрт түрлі шақыру түскен. Балалар әртүрлі биіктен – 1-ден 16-шы қабатқа дейін құлаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. Тағы екеуі оқиға орнынан жедел жәрдеммен балалар стационарына жеткізілді, олардың денесінде көптеген жарақат бар. Қазіргі уақытта екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Өкінішке қарай, ересектердің салғырттығының салдарынан балалардың денсаулығына үлкен зиян келіп қана қоймай, қайтыс болып та жатыр. Ауыр халде түскен балаларды көргенде: «Мұндай жағдайға ересектер қалай жол берді? Неге бала қараусыз қалды?» деген сұрақтар туындайды. Өкінішке қарай, биіктен құлау фактілері жылдан-жылға көбейіп келеді. Жыл басынан бері түрлі биіктен құлаған 51 бала бізге жеткізілді.

Олардың төртеуі алған жарақатынан стационарда қайтыс болды», – деп мәлімдеді №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматолог-дәрігерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, көбіне оқиға себебі анамнез барысында анықталады: бала масаға арналған торға сүйеніп, терезеден құлап кеткен.

«Масаға қарсы торға ешқашан сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғайтын құрал емес. Құрметті ата-аналар, балаңызды бір сәтке назардан тыс қалдыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», – деп ескертті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін басқарма 103 диспетчеріне жасалған қоңыраудың аудиожазбасын жариялаған болатын, онда тұрғындар үреймен баланың құлағанын айтып, жедел жәрдемді шұғыл шақырған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарты жылдың ішінде 60 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Олардың тоғызы жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

       

 

Соңғы жаңалықтар

image Сілтемеден өту

Өз емханаңды табу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Медициналық ұйымға тіркелу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерге жазылу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерді үйге шақыру

Сілтемеден өту
 
01.png02.png04.png05.png06.png