Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
 Сілтемеден өту 
 Сілтемеден өту 
 Сілтемеден өту 
 Сілтемеден өту 
Полипрагмазиядан сақтанып, емдеуді қауіпсіз етуге көмектесетін бірнеше қарапайым кеңес:
1. Барлық дәрілердің тізімін жүргізіңіз.
Сіз қабылдап жүрген барлық препараттарды жазыңыз: рецепт бойынша берілетін дәрілерді, рецептсіз сатылатын дәрілерді, қоспаларды және өсімдік тектес құралдарды. Бұл тізімді үнемі жаңартып отырыңыз.
2. Дәрілерді дәрігермен талқылаңыз.
Дәрігерге барған кезде әрқашан дәрілердің толық тізімін бірге алып жүріңіз. Бұл дәрігерге олардың өзара әсерін тексеруге көмектеседі.
3. Артық дәрі қабылдамаңыз.
Шын мәнінде қажет дәрілерді ғана қабылдаңыз. Егер сізге жаңа ем тағайындалса, оның не үшін қажет екенін нақтылаңыз және дәрігермен кеңеспей қосымша дәрілерді қабылдамаңыз.
4. Препараттардың ықтимал өзара әсерін мерзімді түрде тексеріп отырыңыз.
Кейбір дәрілерді бірге қабылдау жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Мысалы, Варфарин мен Ацетилсалицил қышқылын (Аспирин) қатар қолданғанда қан кету қаупі жоғарылайды. Дәрігер немесе фармацевтпен сіз үшін қауіпсіз комбинациялар жөнінде кеңесіңіз.
5. Емдеу сызбасын тек дәрігердің нұсқауымен өзгертіңіз.
Дәрігер емдеуді өзгерткен жағдайда, оның себебін және денсаулығыңызға қалай әсер ететінін сұрап біліңіз. Өзгерістерді жазып алыңыз, ұмытпау үшін.
6. Жаңа дәрілерге мұқият болыңыз.
Жаңа дәрі тағайындалған кезде дәрігерден қандай дозадан және қандай сызба бойынша бастау керектігін нақтылаңыз. Бұл ағзаның бейімделуі мен жанама әсерлер қаупін төмендету үшін өте маңызды. Дозаны өз бетіңізше өзгертпеңіз.
7. Қажетсіз дәрілерді тоқтатуды талқылаңыз.
Егер қандай да бір дәріні қабылдау қажет болмаса, оны тоқтату жайында дәрігермен сөйлесіңіз.
8. Дәрігер ауысқанда ақпарат беріңіз.
Жаңа дәрігерге қаралғанда немесе ауруханадан шыққанда, қабылдап жүрген барлық дәрілеріңіз туралы міндетті түрде хабарлаңыз.