САЛЬМОНЕЛЛЕЗ

Сальмонеллез – бактериалды жұқпалы ауру, көбінесе ішек - қарын жолдарына зиян келтіреді, бұл жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы, көп жағдайларда  азық-түлік арқылы беріліп, асқазан-ішек жолдарының зақымдануы арқылы сипатталатын жұқпалы ішек ауруы. Ауру қоздырғышы сальмонелла  болып саналады. Ол көптеген аңдар және құстар ағзасында мекендейді. Сальмонеллалар суыққа төзімді және ұзақ қайнатқанда ғана жойылады.

Сүтте,  тартылған етте, жұмыртқа ұнтағында, сальмонеллалар өмірге бейімділігін сақтай отырып, көбеюі де мүмкін. Сальмонеллез жұқпасының бактериялары төмен температурада ғана өмірге бейімді. Бірақ 50°С-тен 100°С аралығында жойылады.

Инфекцияның негізгі көзі - ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар, сальмонеллезбен ауру адамдар және бактерия тасымалдаушылар болып табылады.

Инфекцияны тасымалдайтын негізгі факторларға әртүрлі тағам өнімдері ( мал, құс еттері, балық, устрица, теңіз шаяны, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағы, сүт және сүт тағамдары), көкөністер мен жемістер, кремді өнімдер жатады. Су ауруды жиі тасымалдаушы факторлардың бірі болуы мүмкін.

Таралу жолдары: Ауру қоздырғышы адам ағзасына сальмонеллез жұқтырылған және дұрыс термикалық өңделмеген тамақ өнімдерін пайдаланған кезде түседі (ет, сүт өнімдері, жұмыртқа).

Ауру белгiлерi: Жасырын кезеңі -жұқтыру кезеңінен аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейін құрайды.

Ауру негізінде жіті басталады, бастапқы кезеңде улану (интоксикация) :  әлсіздік, бас ауруы , дене қызуының 39 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуінен, қалтыраудан, бас және бұлшық ет ауруынан басталады. Кейіннен жүрек айнып, лоқсу, құсу, бірнеше рет нәжісінің   сұйықтанып, патологиялық қосындалармен бірге жасыл түсті болуын байқауға болады. Бұл аталған белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қарану керек!

Науқастардың жалпы жағдайы ем алғанан кейін 4-5 тәулікте жақсарады, дене қызуы қалпына келіп, асқа тәбеті пайда болады. Үлкен дәреті қалыпқа келе бастайды. 

Емі: - асқазанды жуу, тазарту клизмасы, емдәм №4.

Патогенетикалық терапия: регидрон 2 л дейін, инфузиондық терапия, негізі тұзды ерітінділер, оның ішінде Рингер ерітіндісі,  трисоль, ацесоль, хлосоль.

Этиотропты терапия: гентамицин 80 мг х 2 рет, сифлокс 500 мг х 2 рет.

Арнамалы ем: сальманеллезды бактериофаг 2 таблеткадан  х 3 рет/күніне.

Алдын-алу шаралары;   Күнделікті тұрмыста әр адам жеке бас гигиенасын және тамақты дайындаудың (кондитерлік, кулинарлық өнімдердің, салаттардың ) ережесін, дайын өнімдерді пайдалану мерзімі мен сақтау мерзімін қатаң қадалай отырып, сальмонеллез ауруының алдын ала алады.

Сальмонеллез инфекциясының алдын алуда тамақ өнімдерінің термиялық өңдеу ережелерін сақтау аса маңызды, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін, сонымен қатар кулинарлық, кондитерлік, сүт өнімдері, тез бұзылатын тағамдар (салаттар, окрошка және т.б.).
Көкөністерді, жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқият жуу аса маңызды. Белгісіз су қоймаларынан, әсіресе ашық су қоймаларынан суды пайдалануға болмайды.
Осы ережелерді есте сақтау сальмонеллез инфекциясының алдын алудағы маңызды шаралар болып табылады.

«Ниет» ОДО СӨС дәрігері

Ташимова К.Қ.