Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен "ДЗ, профилактикалық, дезинфекциялық препараттар, ММБ" сатып алуды жүзеге асыру туралы 14.05.2020 жылғы №6 хабарландыру

1. Нұр-Cұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№15 қалалық емхана" ШЖҚ МКК сатып алуды ұйымдастырушысы медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы ақпарат (саны мен бағасы) осы хабарландырудың №1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлардың тізбесі) көрсетілген.

3. Жеткізу мерзімі мен шарттары – Жеткізуші жеткізуді Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша жеткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдап алу актісіне қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

4. Ықтимал жеткізушілердің желімделген конвертке салынған баға ұсыныстары Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 64, мекенжайы бойынша 3-қабат, 339 кабинет 21.05.2020 жылы сағ.15:00-ге дейін (жұмыс тәртібі сағ. 09:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері мен сағ.13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзілісті қоспағанда) ұсынылады. Конверттерді ашу 22.05.2020 сағат 16.00-де жүргізіледі.

 

5. Ықтимал жеткізушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

6. Ықтимал жеткізушінің баға ұсынысын беруі хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде көзделген талаптарға сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыру оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.

7. Әрбір ықтимал жеткізуші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін желімделген түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

8. Баға ұсынысы конвертке салынып, ықтимал жеткізушімен сатып алуды ұйымдастырушыға хабарландырудың 4-тармағында көрсетілген мерзімде және уақытта ұсынады.

9. Баға ұсыныстарымен желімделген конверттің беттік жағында ықтимал жеткізуші  көрсетеді:

* ықтимал жеткізушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы,

* сатып алуды ұйымдастырушысының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы,

* қатысу үшін ықтимал жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын тауарларды сатып алу атауы.

10. Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсынысы бар конверт баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналында тіркелмейді және ол ықтимал жеткізушіге қайтарылады.

11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім оны бекіткен күннен бастап 5 (үш) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушысының интернет-ресурсында жарияланады. http://nursultan-gp15.kz).

12. Анықтама телефоны: 8 (7172) 26 64 15, эл. мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.