ДЕНСАУЛЫҒЫҢ –ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен 2010 жылдан бастап елімізде «Салауатты өмір» бағдарламасының енгізілгені бәрімізге аян. Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмір жасын ұзарту Президент саясатының ең басты міндеттерінің бірі десек, саламатты өмір салтын қалыптастыру, адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін тәрбиелеу, әлеуметтік аурулардың алдын алуға барынша назар аудару- денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің және барша халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты бағыты болуы тиіс дер едік. Меніңше әр азаматтың денсаулығының кілті өз қолында,адамның өмір сүру ұзақтығы оның өмір сүру салтымен тығыз байланысты.

Кез келген адам өзін өзі танып, өзін-өзі  тәрбиелеп, табиғатпен үйлесімділік тауып саламатты өмір салтын саналы түрде қабылдаса, ең бастысы үнемі денсаулығының жақсы болуына  көңіл бөліп отырса ол оның  ой өрісінің, психикасының дамуына және иммунитетінің күшеюіне үлкен әсер етеді.

Бірақ, өкінішке орай біз салауатты өмірдің қарапайым шарттарын үнемі сақтай бермейміз.Біріміз семіздікке, тез қартаюға, тамыр склерозына,  қантты диабетке соқтыруына жол берсек,екіншіміз демалу дегенді білмей жүйкемізді әбден тоздырамыз да ішкі ағзаларымызды түрлі ауруларға ұрындырып жатамыз.Тағы біреулеріміз арақ пен шылымның соңына түсіп, өз өмірімізді өзіміз қор қыламыз.Осындай әрекеттермен денсаулығымызды әбден құртып алған соң ғана оны түзету үшін дәрігерлерге қарануға барамыз.

Бүгін көпшілігіміз қозғалыссыз өмір салтына үйреніп алғанмыз сонша, артық қимылдан қашқақтаймыз. Ағзамыздың барлық жүйелері қалыпты қызмет ету үшін біз оларды үнемі қимылмен демеп отыруымыз керек,яғни үнемі дене жаттығуларын жасаған жөн және оны, әсіресе жасөспірімдерге бала күнінен бастап баулыған дұрыс.

Нәтижесінде буындарыңыз созылып, бұлшық еттеріңіз ширап қан мен лимфа айналымы жақсарып барлық ағзаларыңыздың жұмысы қалпына келеді.

Бүгінгі таңда елімізде саламатты өмір салтын қалыптастыруға  мемлекет тарапынан жан  жақты қолдау көрсетілуде, әр адамның спортпен шұғылдануға мүмкіншілігі бар деуге болады. Қаламызда заманымызға сай бірнеше спорт кешендері бар,жаттығушыларда аз емес деуге болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен бұқаралық спорттық іс-шаралар жиі жүргізіліп тұрады.Казір саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселесімен айналысатын ұйымдар баршылық, барлық денсаулық сақтау мекемелерінде салауатты өмір салтын қалыптастырушы дәрігерлер бар олар өз мекемесінде, сонымен қатар жетекшілік ететін мектептерде салуатты өмір салтын насихаттау бағдарламасын орындау саласында әр түрлі тақырыпта аурулардың алдын алу,зиянды іс-әрекеттерден аулақ болу жолдары жөнінде, дұрыс тамақтану т.б. тақырыптарға онкүндіктер , айлықтар жүргізіп тұрады.Ал біздің ойымызша жалпы салауатты өмір салты мәселесімен тек қана медициналық ұйымдар емес,сонымен қатар барлық мекемелер,білім беру ошақтары бала бақша, мектеп, университетер, жеке меншік ұйымдар да белсенді түрде ат салысу керек.Өмірлік тәжрибеден ұққанымыз денені үнемі шынықтырып саламатты өмір салтын ұстанып, шылым шекпеуге тырысып, алкогольдік ішімдіктен бас тартсақ ағзамызға көп ауыртпашылық түспес еді. Атамыз қазақ «баланы бесіктен» деп тегін айтпаса керек біздің ұлы байлығымыз болашақ ұрпақ оған алып баратын тура жол салауатты өмір сүру, яғни дені сау ұрпақ өрбіту. Ата-анасының дені сау болса ғана сау бала дүниеге келеді. Жеке адам мен оның отбасының саулығы қоғамның да саулығы. Қоғам салуатты болса ғана ел экономикасы қарқынды дамымақ. Халық «Денсаулық-зор байлық» деп бекер айтпаған. Сол үшін де әр кім өз денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарауы керек. Болашақ ұрпақты өз денсаулығы үшін саналы жауапкершілікке уйрету тәрбиенің ең бір жауапты саласы дер едім. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің дамуына өз үлесін қосу үшін азаматтың міндетті түрде денсаулығы мықты, шымыр, сана сезімі биік, жан-жақты да терең білімді,   салауатты болу керек 

Салауатты өмір салтын

қалыптастыру дәрігері

К.К Ташимова