Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Құрметті тұрғындар!
Р.Қошқарбаев даңғылы, 43 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емхананың филиалы ашылғанын хабарлауға қуаныштымыз.
Бұл филиалда: эндокринолог дәрігер (ересектер мен балалар), аллерголог дәрігер (ересектер мен балалар), травматолог дәрігер (балалар), невропатолог дәрігер (ересектер), уқалаушы (ересектер мен балалар), маммолог дәрігер, онколог дәрігер, геронтолог дәрігер, күндізгі стационар, емшара бөлмесі (ересектерден қан алу), стат бөлімі қабылданады.
Бүгін 16 қазанда медициналық қауымдастық Дүниежүзілік анестезиолог күнін атап өтеді. Құрметті анестезиологтар, реаниматологтар және анестезистер мереке құтты болсын! Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, түнгі кезекшіліктеріңіз, бірнеше сағаттық операцияларыңыз бен әрбір пациентке көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби биіктер тілейміз!
№15 Қалалық емхананың қызметкерлері №13 орта мектебінде «Жедел респираторлы вирусты инфекция» және «Дос болайық бәріміз» тақыптары бойынша сабақ өткізді, 60-тан астам 4 - сынып оқушылары қатысты.
Бүгін, 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен белгіленді.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізудің негізгі мақсаты - барлығына психикалық денсаулық проблемаларын еске түсіру және психикалық денсаулықты нығайтуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру.