Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Елордада бір күнде төрт бала терезеден құлап кетті, олардың екеуі – қаза тапты. Өткен тәулікте 103 пультіне «бала құлады» деген себеппен төрт түрлі шақыру түскен. Балалар әртүрлі биіктен – 1-ден 16-шы қабатқа дейін құлаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. Тағы екеуі оқиға орнынан жедел жәрдеммен балалар стационарына жеткізілді, олардың денесінде көптеген жарақат бар. Қазіргі уақытта екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
2025 жылғы 08 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жарияталқылауды жүргізужоспарлануда.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 15 қалалық емхана» МКК қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 15 қалалық емхана» МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бүгiн бүкiл Қазақстан Елорда күнiн тойлайды. Осы мереке күнi шын жүректен барлықтарыңызға жақсылық, бейбiтшiлiк пен Отанымыз — Қазақстанымызға жаңа жетiстiктер тiлеймiз. Бiздiң Астана қаламыз гүлденiп, одан әрi көркейе берсiн, ал әрбiр отбасының өмiрi қуанышпен және ертеңгi күнге деген сенiммен толсын. Мерекелерiңiзбен!
Сібір жарасы – ерекше қауіпті инфекция, теріде және шырышты қабаттарда арнайы карбункулдардың пайда болуымен немесе ішек пен өкпеде қабыну-геморрагиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады, ауыр интоксикация құбылыстарымен жүреді.
Сібір жарасы инфекциясының көзі – үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Ауру жануарға күтім жасау, мал сою, тұшаны бұзу, мал шаруашылығы өнімдерімен (қабық, тері, жүннен жасалған бұйымдар, жүн, қылшық) жанасу, қоздырғыштың тұқымдық споралары арқылы сібір жарасын жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция жұқтырған шаңды, сүйек ұнын жұтқанда, жұқтырған жануардың шикі немесе термиялық өңделмеген етін жегенде немесе жәндіктердің шағуы арқылы (сона, шыбындар, масалар) пайда болуы мүмкін. Қауіптің тағы бір көзі – топырақ, дәлірек айтсақ, мал қорымдары.