Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бүгін Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Бұл – Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам.

Президент медициналық көмектің бірыңғай теңгерімді пакетін қалыптастыру қажеттігін нақты атап өтті. Бұл пакет бюджеттің мүмкіндіктеріне сай келуі, халық үшін ашық әрі түсінікті, денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты болуы тиіс.

Жаңа заң жобасында не көзделген?

Медициналық көмектің бірыңғай пакеті: нақты шекаралар, қолжетімділік, әділеттілік.

Заң жобасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен МӘМС арасындағы қайталануды жоятын бірыңғай қаржыландыру жүйесін енгізеді.

Бұл арқылы:

* пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін медициналық қызметтердің тізбесін түсінікті етеді;

* артық шығыстар мен қайталанулар жойылады;

* мемлекет пен сақтандыру жүйесінің арасындағы жауапкершілік нақты бөлінеді.

МККК — сақтандыру мәртебесіне қарамастан баршаға қолжетімді болады.

Барлық азаматтар медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) шеңберінде базалық көмекті ала алады:

✔️ вакцинациялау, скринингтер, онкологиялық ауруларды ерте анықтау;

✔️ әлеуметтік мәні бар және инфекциялық ауруларды емдеу;

✔️ жедел, паллиативтік көмек, мейіргерлік күтім және басқа да өмірлік маңызды қызметтер.

Жарналардың шекті мөлшерін төмендету.

Депутаттармен талқылаулар нәтижесінде әділетті шешім қабылданды:

* Жұмыс берушілер үшін МӘМС жарнасының жоғарғы шегі 50 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін төмендеді;

* Қызметкерлер үшін — 50 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін.

Бұл шешім:

бизнес пен азаматтар жүктемесін азайтады;

сақтандыру моделінің тұрақтылығы мен қаржылық орнықтылығын сақтайды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05