Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Бірыңғай жиынтық төлем туралы нені білу керек?
Сақтандыру мәртебесін жоғалтып алмау үшін оны қалай дұрыс төлеу қажет?
СОҢҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА МӘМС ЕСЕБІНЕН КЕРЕҢДІКТІҢ АУЫР ТҮРІНЕ ШАЛДЫҚҚАН
700-ден астам адам қымбат медициналық көмекке қол жеткізді
Өткен жылы кереңдіктің ауыр түріне шалдыққан 432 науқасқа имплантациялық ота жасалды. Оның ішінде 380 бала мен 52 ересек адамға.
2021 жылы кохлеарлық имплантация 277 науқасқа жасалған.
Кохлеарлық имплантация-пациенттің ішкі құлағына электронды имплантты енгізуге арналған, содан кейін есту-сөйлеу реабилитациясы жүргізілетін хирургиялық ота. Бұл бүгінде МӘМС есебінен сақтандырылған пациенттерге қолжетімді қымбат ота болып табылады.
Бүгін, 1 наурыз, біз Алғыс айту күнін атап өтеміз - бұл қазақстандықтарды одан да мейірімді ететін мереке. Бүгін әркім алғыс сөздерін естіп, бақытты болсын.
Алғыс айту күні-бүкіл халқымызға ризашылық сөздерін айту мүмкіндігі, бұл біздің ортақ тарихымызды, елімізде тұратындардың барлығын құрметтеу. Бұл медицина қызметкерлеріне еңбектері үшін Алғыс айту мүмкіндігі.
Көктемнің алғашқы күнінде бұл рухани мереке халқымыздың бірлігін одан әрі сақтауға ықпал етсін.
Республикада жыл сайын құтырма (гидрофобия) ауруы тіркелуде (2020 жылы – 1 жағдай Алматы қаласында, 2021 жылы – 1 жағдай Қызылорда облысында, 2022 жылы – 1 жағдай Түркістан облысында).
Сондай-ақ республикада құтырма ауруы ауылшаруашылық, жабайы және үй жануарлары арасында да тіркелуде.
Астана қаласында құтырма ауруы бойынша эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ағымдағы қадағалау құтырма ауруының алдын алу үшін зардап шеккен адамдарға көмекті уақтылы көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.