Биіктіктен құлауға байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі ата-аналар үшін нұсқаулық

Жылдың жылы мезгілдерінде көптеген ата-аналар терезенің ашық қалуы бала үшін аса қауіпті екендігін ұмытып кетеді.

Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлау арқылы көз жұмады.

Терезеден құлау әсіресе қалалы жерлерде балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Балалар өздерінің бәрін білуге құштарлықтарының нәтижесінде ашық тұрған терезе алдында аса осал болып келеді.

Сақ болыңыз!

Терезеден құлап кетуден баланы қалай қорғауға болады:

  1. Егер үйде бала болса, терезені ешқашан да ашық қалдырмаңыз!

Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен, сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы болуы мүмкін.

Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз! Баланы ешқашан да қараусыз тастамаңыз!

Құлаудың көптеген жағдайлары ата-аналар балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде орын алады.

  1. Москитті торларға ешқашан сенім артпаңыз!

Олар құлап кетуден сақтау үшін арналмаған. Керісінше, москитті тор қайғылы оқиғаға әкеледі, себебі бала өзін оның артында қауіпсізбін деп сезініп, терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар көбінесе осы торлармен бірге құлап кетеді.

  1. Бала терезе алды ағашына мініп кетпеуі үшін, барлық жиһаздарды терезеден алыс қойыңыз!
  2. Бала терезені өз бетімен ашып алмауы үшін терезеге блокираторлар орнатыңыз! Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны жақсылап бекітіңіз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақандарыңызды құрғақ қылып ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

a) Үйде салқындатқыштың болуы терезеден құлап кету қаупін заңды түрде төмендетеді, бірақ, есіңізде сақтаңыз, баласы бар үйде тым құрығанда бекіткіштің міндетті түрде болуы қажет, бұл - минималды қорғаныш, себебі, бала терезені өз бетімен аша алады.

b)  Балаға өз бетімен терезені бірнеше дюймға ғана ашуға мүмкіншілік беретін арнайы бекіткіштер қойыңыз.

c) Терезе торларын орнату арқылы, терезені қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезелерден құлап кетуден сақтайды.

d) сіздің дәл қазір бекіткіш және сақтандырғыщ құрылғы орнататын мүмкіншілігіңіз болмаса, сіз бұрауыш арқылы бұрандаманы, бекіткіш тұтқаны бұрап, оларды жоғары алып тастай аласыз.

e) Мүмкіншілікке қарай терезені төменге қарай емес, жоғары қарай ашыңыз.

Ата-аналар назар аударыңыздар:

  1. Егер сіз торды терезеге толықтай орнатар болсаңыз, өрт болған жағдайда тез аша алатындай тәсіл болуы қажет. (ТЖМ мамандары адамдарды өртеніп жатқан үйден баспалдақ, батут арқылы алып шығар кезде немесе құтқарудың соңғы тәсілі терезеден сақтандырылмаған секіру кезінде бұл аса қажет). Тор топсамен ашылуы және топсалы құлыпқа бекітілуі тиіс. Кілт еденнен жоғары, терезенің өзінің жанында, аса қажет жағдайда жасөспірім мен ересек адам 30-60 секундтың ішінде жылдам аша алатындай шегеге орнатылады.Терезені тормен тас қылып бекітіп тастамаңыз, сіз бірінші қабатта тұрсаңыз да, бұл сізге өміріңізбен пара-пар тұруы мүмкін.
  2. Тордың кез-келген түрінде шыбықтардың арасындағы саңылау бала басының көлденең өлшемінің жартысынан аспауы қажет (10 см.-ден артық емес). Егер бала шыбықтардың арасына басын сұға алатын болса, бұндай тордан еш пайда жоқ!
  3. Бекіткіштерді, торларды тек қана кәсіпқойлар орнатуы қажет! Балаңыздың қауіпсіздігі үшін ақша үнемдемеңіз!

Балалардың денсаулығын бірге сақтайық!