"Halyk Bank" АҚ, Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен 10 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді

20 сәуірде "Halyk Bank" АҚ, Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен 10 отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Әлеуметтік қызметкерлер көп балалы отбасыларға барып, жиынтықтарды табыс етті және өз қамқорлығындағылардың жақсы сөздерінен зор қуат алды.

Ш. К.: "Біздің отбасымыз үшін осындай қиын кезеңде осындай жомарт сыйлық үшін демеушілерге шын жүректен алғыс айтамын! Барлығына денсаулық тілеймін!".

Б. А.: "Баршаңызға үлкен рахмет! Бізге көмектескені, бізді ұмытпағаны үшін рахмет!".

П. В.: "Халық Банкінің филиалына және 15 Қалалық емхана ұжымына осындай үлкен азық-түлік себеті үшін бізге қамқор болғандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді! Құдай барлығыңызға мықты денсаулық пен шыдамдылық берсін! Бізді ұмытпағаныңыз үшін, қамқорлығыңыз үшін рахмет! Баршаңыз қалаған мақсаттарыңызға қол жеткізіп барлық армандарыңыз орындалсын!"

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04