COVID-19 несімен қауіпті?

COVID-19-ға шалдыққан адамдардың көпшілігінде ӨРВИ (өткір респираторлық вирустық инфекциялар) түрлерінің басым бөлігіне тән жеңіл немесе орташа белгілері байқалады. Аурудан айығу арнайы емдеусіз жүреді. Алайда, адамдардың 10-15%-ында сырқат ауыр түрде өтеді және оларға медициналық көмек қажет.

Бұл көбінесе қатер тобындағы науқастарда болады - 60 жастан асқандар; созылмалы ауруларға (мысалы, аутоиммундық, жүрек-қан тамырлары, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы); қант диабетіне; семіздікке; қатерлі ісікке немесе ВИЧ (АИТВ) шалдыққандар.

Жүктілік кезінде коронавирус жұқтырған әйелдерде сырқаттың ауыр өтуі және мерзімінен бұрын босану қаупі артады. Оған қоса аурудың тіпті жеңіл түрі де көптеген айлар бойы сақталатын және өмір сапас.