Toqaev2022

 

Балалар мен жұмыссыздарды қолдау жүйесі күшейтіледі, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі енгізіледі, ал жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері табыстың 45% құрайтындай деңгейге дейін ұлғаяды. Әділ Қазақстан құру үшін өзара байланысты қағидаттарға негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшу басталады.

Бұл президенттіктің бір мәрте жеті жылдық мерзімі. Бұл қоғам мен мемлекеттегі жаңару үдерісіне жаңа сапа мен қозғалыс береді.

Сайлау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер азаматтардың шынайы халықтық мәслихаттар мен Парламентті қалыптастыруға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Шынайы және тәуелсіз сот төрелігі – әділ мемлекет, тұрақты экономика және үйлесімді қоғам құрудың басты шарты.

«Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі ғана адамдардың мемлекетке деген сенімін нығайтады.

Сондықтан біз жоғары кәсіби, адал, қиянатсыз судьялар құрамын құруымыз керек. Аппеляция институтының түрлендірілуі жүреді, алқа билер соты қарайтын істер санаттары кеңейеді», - деп атап өтті Президент.

Экономиканы монополиясыздандыру жалғасады. 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақынының мөлшерін ұлғайту тетігі енгізілетін болады. Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы ұстанымдарының бірі – ол әділ қоғам. Қазақстанның барлық балалары сапалы білім алуға қол жеткізе алатын болады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05