Damumed пациент қосымшасы арқылы дәрігерді үйге шақырыңыз

Дәрігерді үйге шақыруға болатын және шақыруды қажет ететін жағдайлар тізбесі:

- дене қызуының 38 градустан жоғары болуы;

- хал жайының айқын бұзылуымен артериялық қысымның жоғарылауы;

- іштің бірнеше рет өтуі;

- омыртқа жотасы мен аяқ буындарының қозғалғыштығы шектелуімен қатты ауырсынуы;

- бас айналуы, жүрек айнуы, құсу;

- ауыр онкологиялық аурулар;

- мүгедектік (І-ІІ топ);

- сал ауру;

- аяқ қолды жаралау;

- тасымалдауға жарамсыз пациент.

Егер қандай да бір себептермен емхана сіздің өтініміңізге дер кезінде жауап бермесе, ал жағдайыңыз тым нашар болса, 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақырыңыз.