Трансплантаттауды күтетіндердің тізіміне қалай кіруге болады?

Ағзаны трансплантаттау қажеттілігі туралы шешімді мультипәндік топ қабылдайды - пациент денесінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы. Егер олар трансплантаттауға көрсеткіштерді растаса, онда ақпаратты транспланттаушы үйлестірушілерге жібереді. Пациент күту парағына енгізіледі. Ол қайтыс болғаннан кейінгі донордан тіндік үйлесімділігі бар қажетті ағза пайда болғанша сол жерде болады.

Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы – Қазақстанда ортақ.

Күту парағында транспланттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар тұрады (өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың хаттамалық шешімі, пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме (027/у нысаны) (қан тобын, резус факторын, пациенттің бойы мен салмағын көрсетумен, транспланттауға қарсы көрсетілімдердің болмауы), жеке куәлік.

 

Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттауды күту парағына енгізу «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 2 желтоқсанда № 21717 болып тіркелді.

Күту парағына енгізу үшін негіз:

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың қорытындысы. Пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі. пациент туралы мәліметтер болып табылады. Осыған байланысты трансплантаттау үшін көрсетілімдер болған кезде тиісті комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінген жөн.