АИТВ – адамның иммунитет тапшылығының вирусы

Вирустың енуі (АИТВ) адам ағзасына әлсіреуді және адам ағзасын жұқпалы аурулар қорғалуын қамтамасыз ететін иммундық жүйенің бұзылуын тудырады.

АИТВ қалай беріледі?

1. Қан арқылы

- Қан құю және оның компоненттері

- Инъекциялық есірткі тұтыну барысында шприцтер мен инелер дібірлесіп пайдалану

- Стерильденбеген медициналық және медициналық емес құралдармен манипуляциялар жүргізу

2. АИТВ-позитивті адаммен қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде жыныстық жолмен беріледі

3. Анадан балаға жүктілік босану және емшекпен емізу кезінде.

АИТВ қалай берілмейді

- қол алысқанда

- жөтелгенде, түшкіргенде

 

- бассейн, монша, әжетханаға барғанда

- жәндіктер шағып алғанда

- достық сүйісулер арқылы

- ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы

- үй жануарларымен қарым-қатынаста

- азық-түлік арқылы

АИТВ қалай анықтауға болады?

Адамның сыртқы түріне қарап жұқтырған, жұқтырмағанын анықтауға болмайды. Білудің жалғыз жолы – бұл АИТВ-ға антиденелердің болуына қанды тексеру.

Адам өзінің АИТВ–дәрежесін неліктен білу керек?

- Вирустың көбеюін тежейтін арнайы препараттарды қабылдауды уақытында бастау үшін

- Өзінің жыныстық серіктестеріне АИТВ берілуін алдын алу үшін

- Анадан балаға жүктілік, босану және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның берілуін алдын алу үшін

АИТВ оң нәтижелі адам қандай ем алады?

АИТВ оң нәтижелі адам вирустың көбеюін тежейтін, арнайы препараттарды қабылдайды, осылайша адам өмірін ұзартады және сақтайды. Терапия антиретровирустық деп аталады. Егер емдеу уақытында басталса, адам қартайған шағына дейін өмір сүреді.

16-29 жас аралығындағы жастар 102 кабинетте (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64) АИТВ-инфекциясының бар-жоғына тексеруден тегін өтуі мүмкін. Жастар денсаулық орталығының акушер-гинекологы С. О. Баранбаевқа хабарласыңыз.