ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОЛИОМИЕЛИТПЕН КҮРЕС КҮНІ

Жыл сайын 24 қазанда Дүниежүзілік полиомиелитпен күрес күні атап өтіледі.

Бұл сал ауруын тудыра отырып, ми мен жұлынға әсер ететін полиовирустан туындаған ауыр және тіпті өлімге әкелетін жұқпалы ауру. Оған әсіресе балалар бейім.

Полиомиелитті емдейтін дәрі жоқ. Вакцинация - балаларды қорғаудың және аурудың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы.

 

Дүниежүзілік жаппай вакцинация науқаны бұл қорқынышты ауруды іс жүзінде жоюға мүмкіндік берді. Алайда полиомиелитті толығымен жою әзірге мүмкін емес. «Жабайы», яғни табиғи полиомиелит вирусының негізгі ошағы - Ауғанстан мен Пәкістан аймағы. Сондықтан бүкіл Орталық Азия мен Ресейге қауіп төніп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Сіз №15 Қалалық емханада полиомиелитке қарсы екпе ала аласыз. Р. Қошқарбаев даңғылы, 64, 135-кабинет мекенжайына хабарласыңыз. Тіркеу орнының телефоны 87172266414, аға тіркеуші 87056164552.