Назар! Хабарландыру!

«ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС - ШАРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ» БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ №7 ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС:

Ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап 6 айдан 10 айға 29 күнге дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммунизациялауды бастау жоспарлануда;

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан бастап 2 мен 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балаларға екпе егу басталады.

Құрметті ата - аналар, сіздің балаларыңыз үшін иммундау өте маңызды, сіз балаларыңызды егу арқылы оларды қызылшадан қорғайсыз. Вакцинациядан бас тарту арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз. Әрбір вакцинацияланбаған балада пневмония және энцефалит сияқты асқынулар болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Сондықтан балаларымыздың денсаулығын сақтау үшін қызылшаға қарсы екпе алуға шақырамыз.

 

Қызылша – өте жұқпалы, ауыр вирустық ауру, бұл ауру адамның орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Қызылша дүние жүзінде жас балалар өлімінің басты себебі болып қала береді.

Инкубациялық кезең 7 күннен 21 күнге дейін созылады, аурудың көзі науқас адам. Ауру науқас адам сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауру өте жұқпалы болып табылады, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған адам қызылшамен ауыратын адаммен байланыста болса, оның өзі ауырып қалу ықтималдығы өте жоғары (вакцинация болмаған кезде).

Сондықтан профилактикалық екпелерге қатысты негізделген және ақылға қонымды шешімдер қабылдаңыз. Әр адам үшін өз денсаулығы мен баласының денсаулығы бей-жай болмауы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз қауіп-қатерге ұшыратпаңыз - қажетті профилактикалық екпелерді дер кезінде алыңыз!

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау үшін №15 Қалалық емханаға, Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, 135 кабинетке хабарласыңыз. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.