Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді

24.11.2023 ж. жоспары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру мектебінде сабақ өткізілді. Барлық қатысушылар №15 ҚЕ кардиолог дәрігері К.А. Есеевадан кеңес ала алды. Сондай-ақ, медбике А.К. Абденбаева қан қысымын, қантты және зәр қышқылының деңгейін өлшеді. Барлығына көрсеткіштер түсіндіріліп, ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, барлық ниет білдірушілер Шалқоде көшесі, 3 мекен-жайы бойынша өтетін Белсенді ұзақ өмір сүру мектебіне қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша №15 ҚЕ СӨС дәрігеріне С.Б. Алимова, каб. 301 (Р.Қошқарбаев даңғылы, 64), тел. 87073216414 хабарласыңыз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04