1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - ағзанын иммундық жуйесіне зақымдайтын инфекция. АИТВ - инфекциясының ең соңғы кезеңі - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС). АИТВ ақ қан жасушаларын зақымдайды, бұл иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Бұл туберкулез, жұқпалы аурулар жене онкологиялық аурулардың кейбір түрлері сияқты аурулардың даму ықтималдығын арттырады.

АИТВ жұқтырған адамдардың әртүрлі дене сұйықтыктары арқылы жұғады: қан, емшек сүті, ұрық сұйықтығы және қынаптық бөліністер. Инфекцияның таралуы сүйісу, құшақтау немесе бірге тамақтану барысында болмайды. АИТВ анадан балаға да берілуі ықтимал. АИТВ - инфекциясын антиретровирустық терапия (АРТ) арқылы емдеуге және алдын алуға болады. Егер емделмеген жағдайда, АИТВ инфекциясы жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) сатысына өтуі мүмкін, көбінесе жұқтырғаннан кейін көп жылдар өткен соң.

Қазіргі уақытта Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 33 мыңнан астам адам тұрады, бұл ретте берілудің негізгі жолы жағдайлардың 76 пайызында жыныстық қатынас болып табылады. Соңғы жылдары ЖИТС-тан өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 2018 жылғы 1,4-тен 2022 жылы 0,9-ға дейін төмендеді. Соңғы 12 жылда антиретровирустық терапиямен қамту 19 есе өсті және 2022 жылы АИТВ-статусын білетін адамдардың 84 пайызы емделді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87 пайызында вирустық жүктеме басылады, яғни олар вирусты жыныстық жолмен бере алмайды.

10 - 29 жас аралығындағы жастар акушер – гинекологтан тегін кеңес ала алады және №15 Қалалық емхананың "Ниет" жастар денсаулық орталығында АИТВ - ға жедел тестілеуден өте алады. Кеңес алу үшін телефон: 87172769784.