Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцинаны тегін ала алады

Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина егу қолға алынбақшы. Вакцинаны ата-ананың жазбаша келісімімен жаңа оқу жылының басында, 2024 жылдың күзінде, Қазақстан Республикасының мектептерінде толығымен тегін алуға болады.

Жоғары онкогенді қауіпті адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы. Жатыр мойны обырының 97%-ы осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін.

Бүгінде жатыр мойны обыры дамушы елдердегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктің бірі.

Жатыр мойны қатерлі ісігі еш симптомсыз өтуі немесе жыныс жолдарынан кез келген қалыпты емес бөлініс, іштің төменгі бөлігіндегі және бел аймағындағы ауырсыну орын алуы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, вакцинаның қорғау мерзімі ұзаққа созылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, екпенің иммуногенділігі вакцина енгізілгеннен кейін 10 жыл ішінде төмендемеген. ДДСҰ бұл вакцинаны қауіпсіз және тиімді деп бекітті.

 

Жатыр мойны обырының тұрақты скринингі (ПАП, АПВ тестілері) және бақылау жатыр мойны обырының көптеген жағдайының алдын алатыны анық. Дамыған елдердегі табысты скринингтік бағдарламалар жатыр мойны обырынан болатын сырқаттанушылық пен өлімді екі еседен астамға азайтты.

Қазақстан Республикасында жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша Ұлттық скринингтік бағдарлама жүргізіліп жатыр. 30-70 жас аралығындағы әрбір әйел өз емханасында жатыр мойны обырына тегін скринингтен өте алады.

Сіз Р. Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайы бойынша №15 Қалалық емханада 132 кабинетте скринингтік тексеруден өте аласыз.

Тіркеу телефоны:

☎️87172266414 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);
☎️87172280478 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 64);
☎️87172266415 - (Р. Қошқарбаев даңғылы, 60);
☎️87172249394 - (Шалқоде көшесі, 2);
☎️87056164552 - Аға тіркеуші.