Репродуктивті денсаулық апталығы аясында

Репродуктивті денсаулық апталығы аясында №15 Қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Әйелдер репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша акушер-гинекологтардан кеңес алды.

Іс-шараның мақсаты - гинекологиялық аурулардың алдын алу, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі туралы хабардарлығын арттыру, тұрақты тексерулер және өмірдің барлық кезеңдерінде өзін-өзі күтудің маңыздылығы.

Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ таралуының жоғарылауы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусының алдын алу қажеттілігі туралы хабардарлығының төмендігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05