Бүгін «AMANAT» партиясы «Алматы» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтайлақова Гүлмира Нұрланқызы, Астана қаласы Мәслихатының депутаты Байсеркина Динара Сатжанқызы және «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы эксперті Мыңбаев Дулат Тайгельтирович №15 қалалық емханасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның негізгі мақсат-міндеттері, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік қолдау және денсаулық сақтау саласындағы бастамалар жөнінде кеңінен айтылды.
Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық пікір алмасу жүргізілді.