Мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санаты бар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнасын мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санаты бар. Осы санаттарға кіретін тұлғалар төлемнен босатылады және медициналық көмекті МӘМС пен ТМККК пакеттері бойынша медициналық көмек ала алады.

Сіз бұл тізімге қалай кіресіз?

1) медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебені www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе аумақтық ХҚКО-ға жеке өзі келгенде не болмаса SaqtandyryBot- телеграмм ботты пайдаланып тексеру керек;

2) Егер сіз мемлекет төлейтін азаматтар санаттарының тізімдерінде болмасаңыз, онда ХҚКО-ға растайтын құжаттардың қажетті тізбесін алып келу қажет;

3) Кейін ақпарат Сізді азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізіміне енгізудің негізділігін растау үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады, егер барлық деректер дұрыс болса, Сіз үшін сақтандыруды мемлекет төлейді.

Жеңілдікті санаттар туралы қосымша ақпаратты келесі сайттан таба аласыз:
https://fms.kz/ru/content/lgotnye-kategorii-grazhdan