Медициналық емес маскаларды кию ережелері

 

Маскаларды қолдану респираторлық вирустық аурулардың, соның ішінде COVID-19 таралуын шектейтін алдын-алу шараларының кешенді пакетінің бөлігі болып табылады.

Медициналық емес маскалар (мата маскасы деп те аталады) вирустың тасымалдаушыдан басқа адамдарға таралуына жол бермей, тосқауыл бола алады. ДДҰ тек қана мата маскаларын қолдану, тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін айтады. Маска киюден басқа, қоршауыңыздағы адамдармен кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау керек, қолды жиі жуу немесе дезинфекциялау керек, қолыңызды бетке немесе маскаға тигізбеу керек.