Сіз таңертең жаттығу жасайсыз ба?

Таңертеңгі жаттығулар организмнің қалыпты тіршілік қызметіне, оның жұмыс қабілеттілігін арттыруға қолайлы жағдай жасайды.  Күн сайын таңертеңгі жаттығуға аз уақыт бөліңіз, жаттығу бүкіл жұмыс күніне күш-қуат береді. Күні бойы сергек боласыз және өзіңізді әлдеқайда берік сезінесіз.

Жүйелілік-таңертеңгі жаттығудың маңызды өлшемі. Сондықтан режимді сақтаңыз және күн сайын таңертең физикалық жаттығулар жасаңыз. Бұл Сізге әрқашан пішінді сақтап қалуға ықпал етеді.

Егер Сіз күн сайын таңертең спортпен шұғылдансаңыз, бұл Сіздің жүйеңізге енеді. Сіздің денеңіз оянғаннан кейін жұмыс күтілетініне дайын болады, сондықтан таңертең оянып, жалқаулықты жеңу оңайырақ болады.

Таңертең жаттығу жасау арқылы Сіз зат алмасуды қосасыз. Бұл Сізге басқа уақытта жаттығуға қарағанда, көп энергия жұмсауға мүмкіндік береді, өз кезегінде артық салмақты жоғалтуды жеңілдетеді.

Ғылыми зерттеулер денеге түсетін ауырлық ақыл-ой қабілеттерін арттыратынын көрсетті.

Таңертеңгі жаттығулар Сізге жұмысты сәтті орындауға, күні бойы дұрыс және позитивті ойлау мүмкіндігін береді!

Егер Сіз күнделікті таңертеңгі жаттығулар режимін ұстанатын болсаңыз, онда жақсы ұйқтайсыз. Сондықтан, тіпті ерте ояну, күні бойы ұйқышылдық қауіпін төндірмейді.